2025 жылғы 15 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филалының ұйымдастыруымен «Ұлттық диктант» республикалық акция аясында диктант өтті.
Мемлекеттік қызметкерлер, облыстық мәдениет басқармасына бағынысты мекемелер, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаменті қызметкерлері мемлекеттік тіл бойынша диктант жазып, өздерінің сауаттылық деңгейін сынады.
Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау.
Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді.
Аталған жоба облыстың барлық өңірлерінде жалғасын табатын болады.