«Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері

«Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері

7 қазан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, әдебиет, тарих зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жәди Шәкенұлының «Қан кешкен ханзадалар» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітап бірнеше әулеттен тараған әлемге әйгілі тарихи тұлғалар өмірі хақында тың деректер ұсынады.Шыңғыс ханнан Тәуекел, Ораз-Мұхаммедке дейін; Тұғырыл ханнан Тайбұға, Сейдаққа дейінгі ханзадалар тарихынан сыр шертеді.

Жәди Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Алтай аймағында – Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген.

Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш», «Жәнібек батыр», «Бір уыс сәуле», «Ел бастаған Елісхан», тағы басқа да сүбелі еңбектеріңізді оқырман қауым жылы қабылдаған еді. Ақын, аудармашы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет пен Ақпарат саласының үздігі Саят Қамшыгер шараның құрметті қонағы болып қатысты.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Ермекұлы Әли кеш иесіне жырдан шашу шашты. Айтыскер ақын Е. Нақтыбайұлы қазақтың қара домбырасымен әуелетіп ән шырқап, кештің көрігін қыздырды.

Кітапхана оқырманы, тарихшы Қ.Балтекенов және қаламгер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Т.Қашқынбаев жаңа кітап жайлы пікірлерімен бөлісті.

Әскерхан Ақтай бастаған қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары жазушыға шалқар шабыт, тұсауы кесілген кітапқа ақ жол тіледі.