3 қазан күні А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз, Кеңестер Одағының халық мұғалімі, ағартушы-педагог Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына орай «Ұлағатты ұстаз – Құмаш Нұрғалиев» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Құмаш Нұрғалиевтің ғылыми-педагогикалық мұрасын насихаттау, ұстаздар мен кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жаңашыл ұстаз, іскер басшы ретіндегі әдістемесін, жұмыс тәжірибесін насихаттау.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар «Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық және әдістемелік мұрасы» және «Құмаш Нұрғалиев – білікті басшы, жаңашыл ұстаз» тақырыптарындағы бейнематериал, зерттеу жұмысы немесе жоба, эссе түріндегі шығармашылық жұмыстарын 25 тамыз - 25 қыркүйек аралығында жіберді.
Жұмыстар шығармашылық, жаңашылдық, мазмұндылық, тіл байлығы және жазу сауаттылығы бойынша бағаланды.
Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі Марқакөл ауданындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия оқушылары дайындаған театрландырылған қойылым болды. Көрермендерді толқытқан бұл өнер көрсетілім ұлы педагогтың терең гуманизмі мен өмірлік миссиясы туралы жарқын естелікке айналды.
Байқау өз ісіне адал, талантты ұстаздарды айқындады. Олардың ең үздіктері марапатталды. Олар:
Арнайы номинациялар:
«Ұлағатты ұстаз – Құмаш Нұрғалиев» байқауы жай ғана шығармашылық сайыс емес, ұрпақтар сабақтастығының диалог алаңына, ұлы тәлімгердің даналығына тағы бір мәрте жақындасу мүмкіндігіне айналды. Құмаш Нұрғалиев білімге жан аямай қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала бермек, ал оның мұрасы бүгінгі ұстаздарға шабыт сыйлауда.
Осындай іс-шаралар білім құндылықтарын нығайтуға, педагогикалық шеберлікті дамытуға және халқымыздың рухани әрі зияткерлік мәдениетін қалыптастырған дара тұлғаларды есте сақтауға ықпал етеді.
Байланыс тел.: 261333