24 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты облыстық байқау өтті.
Байқауға қала мектептерінен 100 оқушы қатысып, үш бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Шараға әділ-қазылық еткен тұлғалар қатарында: ҚР ағарту ісінің үздігі, ардагер, әдіскер ұстаз, Күршім ауданының құрметті азаматы – Сарипова Қатиза Байбазарқызы, өңірімізге танымал айтыскер ақын, «Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің» ұстазы – Қуаныш Еркін, ақын, ұстаз – Естай Жаңабай болды.
Эссе бағытының жеңімпаздары:
Бас жүлде – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп- гимназия – интернатының» оқушысы - Қабдылқызы Айша;
І орын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің» 3 курс студенті - Арданбекқызы Арна;
ІІ орын –«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің» 3 курс студенті Мырзабекова Назерке Аянқызы;
ІІІ орын –Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№50 мектеп» оқушысы - Бекжан Алтынай.
Арнайы номинациялар: «Көркем ой иесі» – Өскемен қаласы білім беру бөлімінің «№47 мектебінің» 10 сынып оқушысы - Алмасқызы Амина және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы - Оразғалиева Қымбат.
Абай өлеңдерін жатқа оқу бағытының жеңімпаздары:
Бас жүлде – «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының» оқушысы - Тұрарұлы Нұрболат;
І орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» оқушысы Жанарбекқызы Ділдә;
ІІ орын – «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» оқушысы Қайнархан Балжан;
ІІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебінің» оқушысы – Бидахметова Даяна;
Арнайы номинациялар: «Көркемсөз оқу шебері» – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» оқушысы Абылғазы Дінмұхамед және «№35 орта мектебінің» оқушысы Айдархан Самғар.
Абай қара сөздерін жатқа оқу бағытының жеңімпаздары:
Бас жүлде - «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің» оқушысы – Қайсар Инабат;
І орын – «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лиценің» оқушысы Берікболова Адина;
ІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебінің оқушысы – Маратова Назерке;
ІІІ орын – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебінің оқушысы – Хабиева Инават;
Арнайы номинациялар: «Қара сөз оқу шебері» – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебінің оқушысы - Мұхаметбекова Лаура және «№14 орта мектебінің оқушысы Фархатұлы Нұрсұлтан.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл байқау – жас ұрпақтың Абай әлеміне тағы бір қадам жақындауына жол ашып, рухани қазынадан нәр алуға себепкер болған тағылымды шара болды.