2020 ж. 16 қазан күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен инстаграм желісіндегі @tolkynzabirova парақшасында қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, жерлесіміз, Аягөз қаласының тумасы Толқын Қалиқызы Забировамен онлайн сұхбат жүргізіледі.
Толқын Қалиқызы 1970 жылы 17 қазанда Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 9 жасында Алматы қаласындағы А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебіне түсіп, дирижерлік класының «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1988-1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал-хор факультетінің "жеке ән салу" мамандығы бойынша Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын үздік бітірген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын 1998 жылы аяқтаған.
1993 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті.
1995 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы вокал кафедрасының вокалдық-педагогикалық тәжірибе оқытушысы.
2004 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының эстрадалық вокал оқытушысы, доценті қазіргі таңда профессоры.
2010 жылы «Қазақстанның опералық мәдениеті контекстіндегі әншілік дауысты қалыптастырудың жаңа парадигмалық негіздері» атты Кандидаттық диссертациясын қорғап, Өнертану ғылымдарының кандидаты және Доцент құрметті ғылыми атағымен марапатталды.
Құрметті өнерсүйер қауым! Баршаңызды әнші жерлесіміз Толқын Забировамен болатын тікелей эфирге шақырамыз!
Байланысшы: Бақытгүл Төбиқызы, тел. +77011043060