"Stop Musor": целлофан пакеттерге екінші өмір берген суретші»: заманауи қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменовамен онлайн кездесу

"Stop Musor": целлофан пакеттерге екінші өмір берген суретші»:  заманауи қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменовамен онлайн кездесу

14 қазан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы заманауи қазақстандық суретші, кескіндемеші, актриса, лектор Сәуле Сүлейменовамен онлайн - кездесу ұйымдастырады. Кездесу www.facebook.com әлеуметтік желісінде, saule.suleimenova парақшасында өтеді.

Сәуле Сүлейменова 1970 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында сәулетші Тимур Сүлейменов пен этномусиколог Саида Елеманованың отбасында дүниеге келген. 1990 жылдан Қазақстан Жастар Одағының мүшесі. 1998 жылдан-Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. 2004 жылы "Қазақ шежіресі" сериясымен гратография (парафинмен гравюралау) техникасында жұмыс істей бастады, серия жұмыстары Алматыдағы "Тәңірі-Ұмай" галереясында және АҚШ-тағы "Kazakh: Paintings by Saule Suleimenova" көрмесінде қойылды. 2014 жылы Сәуле Сүлейменова "целлофан кескіндемесі" атты жаңа жобаны ашты, осы сериядағы жұмыстар түрлі - түсті пластикалық пакеттерден жасалған картиналар болып табылады. 2017-2018 жылдары суретші " Ұлы Дала жерінде" жобасымен жұмыс істеді. Санкт-Петербургте, Эрарта қазіргі заманғы өнер мұражайында "Ұлы Дала жерінде" атты өзекті қазақстандық өнер туындыларының көрмелері өтті.

Сәуле Сүлейменова өзінің соңғы жобасы туралы:

- Менің ісім, менің көркем қимылым-таңдау. Мен мыңдаған терабайт визуалды ақпараттың ішінен  қазіргі немесе өткен туралы айтқым келетін нәрсені көрсететін фотосуретті немесе бейненің бір бөлігін таңдаймын. Мен мыңдаған пластикалық пакеттерден түсі мен мағынасына сәйкес келетін нәрсені таңдап, қиып жасаймын. Мен өз әсерім мен сезімдерімнен қазір не болып жатқанын дәл көрсететін нәрсені таңдаймын. Мен жаңа нәрсе шығарғаннан гөрі, адамдар жасаған бұйымдарды қайта өңдеу маңызды деп ойлаймын. Мен осы жасаған жұмыстарым арқылы өзімді, өзімнің ішкі жан-дүниемді көрсетемін.

 Барлық ниет білдірушілерді Қазақстандық заманауи өнердің көрнекті өкілі Сәуле Сүлейменовамен онлайн сұхбатқа қатысуға шақырамыз. Қызықты жобаларды жасаған және жүзеге асырған шығармашылық, ынталы адаммен сөйлесу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Байланысшы: Мергембаева Динара, тел.: 87051863586