«Абай оқулары-2025» облыстық байқауы

«Абай оқулары-2025» облыстық байқауы

2025 жылғы 8 тамыз күні облыстық мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай оқулары-2025» облыстық байқауы этнос жастары өкілдері арасында өткізілді.
Байқаудың мақсаты - Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.
Үміткерлер Абай шығармаларын, қара сөзін жатқа мәнерлеп оқу, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа айту, Абай әндерін орындау бойынша сайысқа түсті.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша: бас жүлдені - Алтай ауданы, Тұрғысын ауылының тұрғыны Бондаренко Елизавета Олеговна;
1 орынды - Ұлан ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп балабақшасының тәрбиешісі Литвина Виктория Сергеевна;
2 орынды - ҚР ҰҚК шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің әскери қызметшісі Егоров Арсений Владимирович;
2 орынды - Үлкен Нарын ауданы, студент Громыко Валерия Сергеевна;
3 орынды - Шемонаиха ауданы Уба шипажайы, медбике Агапитова Наталья Николаевна;
3 орынды - Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылының тұрғыны Харитонов Дмитрий Эдуардович иеленді.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.