Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай оқулары – 2025» облыстық байқауы өтті

Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай оқулары – 2025» облыстық байқауы өтті

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана төрінде ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің әр ауданынан сөз қадірін білетін қатысушылар жиналды. Қатысушылар қатарында дәрігер де, мұғалім де, студент те, тіпті әскер қатарындағы жауынгер де бар.

– Бұл байқауға 18-35 жас аралығындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысуда. Олар түрлі аудан, қалалардан келді. Қатысушылар Абайдың қарасөздерін, әндерін, өлеңдерін оқып өзара жарысады,

Байқау негізгі үш кезеңге жалғасты. Алғашқысы – көркемсөз оқу шеберлігі. Қатысушылар ұлы ақынның білім, ғылым, өнер тақырыптарына арналған өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды.

кінші кезең – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқу. Соңғысы – әншілік өнер. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» секілді мәңгілік әуендері сахнада қайта жаңғырды.

Жеңімпаздарға дипломдар, алғысхаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.