Қымызмұрындық

Қымызмұрындық

2025 жылғы 18 маусым күні Арбатта Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қымызмұрындық» іс-шарасы өтті.

Жадырап жаз келгенде бие байлап, саба-саба қымыз жинап, ел жұрт бір-біріне амандық тілеп, көрші-қолаң, ағайын жұртты қымызмұрындық мерекесіне шақырады. Алғашқы қымыздан дәм татқызу мақсатында ұйымдастырылатын бұл тойды қымызмұрындық деп атайды. Аталған дәстүр – халқымыздың қонақжайлылығын, жомарттығын, мәрттігі мен береке-бірлігін білдіреді.

Іс-шараның мақсаты – қымыздың  дайындалу тәсілімен таныстыру, ұлы даланың қастерлі сусынына қатысты салт-дәстүрлерді насихаттау.

Іс-шара барысында облыстық филармонияның әншілері, «Нұр-Алтай» би ұжымы, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының «Ақниет», «Атамұра» ансамбльдері, музей-қорықтың «Белес» этно-фольклорлық ансамблі және әнші Аслан Шыңғысбекұлы өнер көрсетті. Шара аясында викториналар мен ұлттық ойындар, қолөнершілердің және ұлттық тағамдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.