«Art-Zaysan» өнер орталығының есеп беру концерті

«Art-Zaysan» өнер орталығының есеп беру концерті

5 маусым күні Зайсан қаласының аудандық мәдениет үйінде            «Art-Zaysan» өнер орталығының бір жылдық шығармашылық жетістіктерін паш еткен есеп беру концерті өтті. Бұл кеш – өнердің сиқырлы әлеміне сапар, шабыт пен еңбектің, шеберлік пен таланттың жарқын көрінісі болды.

126-дан астам дарынды балалар өз өнерлерін көрермен назарына ұсынып, рухани азық сыйлады. Кештің әр сәті жүректерге жылы лебіз боп жетіп, өнерге деген шексіз сүйіспеншіліктің, табандылық пен шығармашылықтың жемісі екенін дәлелдеді.