«Pirouette Family» ансамблінің «Abracadabra - бидің сиқыры» атты есеп беру концерті

«Pirouette Family» ансамблінің «Abracadabra - бидің сиқыры»  атты есеп беру концерті

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында «Pirouette Family» үлгілі би ансамблінің жарқын әрі есте қаларлық есеп беру кеші өтті.

«Abracadabra – бидің сиқыры» атты бұл іс-шара мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында ұйымдастырылды.

Сахнаға 180-нен астам жас биші шығып, өз өнерлерін, шеберліктерін және би өнеріне деген махаббаттарын көпшілікке паш етті. Ұжым жетекшілері Бақдәулет Конопьянов пен Кристина Конопьянова бір жылдық еңбектің нәтижесі болып табылатын үздік хореографиялық қойылымдарды көрермен назарына ұсынды.

«Pirouette Family» ансамблі - бұл тек шығармашылық ұжым ғана емес, сонымен қатар бай тарихы бар нағыз би жанұясы. Келесі жылы ансамбль өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр. Бұл атаулы күн аймақтағы ең танымал, әрі табысты балалар би ұжымы үшін үлкен кезең болмақ.