Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру мақсатында ШҚО филармониясының кинозалында жеке кәсіпкер Көнілхан Алияның жетекшілігімен «SAMGA» даму орталығының 50-ден астам тәрбиеленушілерінің қатысуымен «9_16» атты қысқаметражды балалар фильмінің тұсаукесері өтті.
«9_16» - бұл заманауи мектеп өмірінің өзекті мәселелерін көтеретін, жасөспірімдердің ішкі әлемін ашатын, балалар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін жасөспірімдерге арналған қысқаметражды фильм.
Фильмде бүгінгі мектептегі буллинг пен кибербуллинг, балалар арасындағы достық пен сенім, ұстаздың мәртебесі мен миссиясы, отбасылық тәрбиенің рөлі, сондай-ақ ұлттық тарих, ана тілі, салт-дәстүрді сақтап, жаңа коммуникациялық құралдармен үйлестіру мәселелері жан-жақты көрініс тапты.