2025 жылдың 1 маусымында Өскемен қаласындағы Борис Александров атындағы спорт сарайында Марина Серохвостова жетекшілігімен «Flash» заманауи би студиясының 25 - жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.
Ауқымды шараға 700-ден астам әр жастағы балалар қатысты ең кішкентай қатысушылардан бастап, студияның тәжірибелі тәрбиеленушілеріне дейін. Концерт нағыз би, талант пен шабыт мерекесіне айналып, студияның жоғары орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін айқын көрсетті.
Шара барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің атынан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Раушан Нұрмұханова студия ұжымына өңірдегі хореографиялық өнерді дамытуға қосқан үлесі мен мәдени бастамаларды қолдағаны үшін алғыс хат табыстады.