«Зобалаң жылдар жаңғырығы: өскелең ұрпаққа арналған тарих сабақтары»

«Зобалаң жылдар жаңғырығы: өскелең ұрпаққа арналған тарих сабақтары»

ШҚО музей-қорығында Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы оқушылары үшін Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зобалаң жылдар жаңғырығы: өскелең ұрпаққа арналған тарих сабақтары» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының дамуына зор үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Санжар Асфендияров, Міржақып Дулатов сияқты қазақ зиялыларының өмірі және қызметімен танысты. Іс-шараға қатысушылар қоғамда толеранттылық танытудың, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оқушылардың назарына «М. Дулатов» фильмінің үзіндісі көрсетілді.