2025 жылғы 13 мамырда креативті индустрияны дамыту аясында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы алаңында шоумендер мен іс-шара жүргізушілеріне арналған ауқымды «SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі өтеді.
Фестивальдің басты мақсаты – қоғам алдында сөйлеу мәдениетін арттыру, жүргізуші кәсібін танымал ету, жүргізушілік өнерді дамыту және талантты мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну. Бұл салтанатты іс-шаралар жүргізушілерін, шоумендерді және event-индустриясының өкілдерін біріктіретін ауқымды шара.
Іс-шара барысында қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, шоу-бағдарлама, интерактивті аймақтар және төрт кезеңнен тұратын байқау бағдарламасы ұйымдастырылады. Қазылар алқасы қатысушылардың әртістік қабілеті мен кәсіби шеберлігін бағалап, үздіктерді анықтайды.
Фестивальдің хедлайнері – кәсіби жүргізуші, «Меховая 8/1» тобының солисі, актер, әзілкеш Қабдол Тілеков. Сондай-ақ Айбат Никулин және Данияр Батырбаев сынды event-саласының сарапшылары шеберлік сабақтарын өткізеді.
Ақпарат үшін жауапты: Нурлан +7 777 118 0701
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Креативті Қазақстан: өңірлердегі креативті индустрияларды дамыту» атты оқыту бағдарламасының ашылу рәсімі өтті. Бағдарлама ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Мемлекеттік басқару академиясының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатында қатысушыларға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов және Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов құттықтау сөз арнады.
Үш күндік оқыту бағдарламасына еліміздің 20 өңірінен креативті индустрияларды дамытуға жауапты басқарма басшылары қатысуда. Бағдарламаның мақсаты — заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылау, тәжірибе алмасу, креативті индустрияларды басқарудағы халықаралық тәжірибемен танысу және өңірлік деңгейде орнықты креативті экожүйені қалыптастыруға арналған бастамаларды әзірлеу.
Оқыту аясында стратегиялық сессиялар, жобалық жұмыстар, практикалық тренингтер және жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу ұйымдастырылады. Қатысушылар креативті хабтарды дамытудың заманауи тәсілдерін, импакт-инвестиялау механизмдерін, сондай-ақ креативті индустриялардың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін зерделеп, өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ұсыныстар әзірлейді.
Бұл бағдарлама — Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Акселераторлық зертханасы аясында креативті индустрияларды дамыту арқылы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.
Оқыту 2025 жылғы 14 мамырға дейін жалғасады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!
ШҚО музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жерлесіміз, ҰОС ардагері, «Халық Қаһарманы» Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аңызға айналған Қасым Қайсенов» атты экспозиция ашылды. Экспозицияның тұсаукесеріне ұлы Болат Қайсенов пен туыстары қатысты.
Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні сағат 15:00-де ШҚО Мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК көрермендер залында Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК және Станислав Цихтың эстрада театрымен бірлескен «Песни победы и мира» атты концерті өтеді.
Концерттік бағдарламада Шығыс Қазақстан облыстық филармониясыеың әртістері ҚР Еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач, Мәдениет саласының үздігі Жанат Бисимбаев, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Арника Байбусынова, Роман Хохлов, Абай Қаирбек және Станислав Цих, эстрада театрының әртістері, сонымен қатар шақырылған қонақтар: Анжелика Щербатых, Роман Степенский, ШҚО Департамент полициясының ансамблі, «Пируэт» би ансамблі өз өнерлерін көрсетеді.
2025 жылдың 6 мамыры күні ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс қырлары» көркемсурет көрмесі ашылды. Экспозицияда белгілі суретшілердің, ШҚО Суретшілер одағының мүшелері Н.П. Аштеманың, Г.М. Бекбердинованың, сонымен қатар, «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің мүшелері, «Сурет» балалар бейнелеу өнері студиясының оқушылары мен жаңадан бастаған авторлардың жұмыстары жинақталған. Жеке топтамада музей-қорық қорынан алынған жұмыстар қойылған, бұл жұмыстарды 1980 жылдары КСРО Көркемөнер қоры берген. Көрмеде соғыс оқиғаларын, қазақстандықтардың майдандағы өмірі мен ерлігін бейнелейтін портреттер мен суреттер ұсынылған. Көрме өткенді естен шығармауға және өнер арқылы бейбітшілік пен патриотизм құндылықтарын жеткізуге арналған.
2025 жылдың 5 мамырында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы» атты патриоттық ерлік сабағы өткізілді. Бұл шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, ардагерлер мен жастар арасында естеліктер мен пікір алмасу алаңы болды.
Оған жергілікті ардагерлер, мектеп оқушылары, және әскери қызметкерлері қатысып, ұрпақтар арасындағы патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды әңгімелерге куә болды.
Іс-шара Мемлекетіміздің әнұранымен ашылып, алғы сөз сыртқы елдерде әскерде болған ШҚО ардагерлер ұйымы басқару кеңесі төрағасы Байғұндинов Қайырхан Қазбекұлына берілді. Шара барысында запастағы подполковник ШҚО Азаматтық Қорғаныс департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің инспекторы Кәсенов Дәулетхан Әділханұлы және ШҚО Билер Алқасының және Сыртқы елдерде әскерде болған ардагерлердің Өскемен қалалық ұйымының төрағасы Нұразхан Ертіс Ыбырайымұлы сөз сөйлеп, бейбіт күн үшін жасаған ерліктері мен оларды ұрпаққа жеткізу міндеті туралы айтып өтті.
Ардагерлердің жауынгерлік жолы мен Германиядағы Кеңес әскери тобының рөлі талқыланды. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру, әлеуметтік желілер мен медиа құралдарының рөлі жайында ойлар айтылды.
Шараның басты мақсаты – өткеннің өнегесінен сабақ алып, болашаққа бейбітшілік дәнін себу, жастарға еліміздің тарихын тереңірек түсіндіріп, патриоттық құндылықтарды нығайту.
5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл Жабаев атындағы қалалық саябақта «Ерлік даңқы – жеңіс таңы» атты әдеби музыкалық композиция өткізді.
Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктерін насихаттау, халықтың тарихи және қаһармандық мұрасын таныстыру мақсатында өткен шарада майдан даласының рухын сезіндіретін соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.
Қала тұрғындарының назарына «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар Жеңіс, Отан, рух жайында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
Сондай-ақ, саябақ демалушылары, оқушылар ашық микрофонда ата-бабаларымыздың ерліктеріне, ұрпақтар үшін жанын қиған жандарға алғыстарын білдірді.
Соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерімен кездесу.
Бүгін А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерінің қатысуымен патриоттық ерлік сабағы өтті.
Шараға «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобының» құрамында болған жерлес ардагерлер қатысты.
«Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» 1945 жылы 10 маусымда құрылып, оған 1-Белорусь, 2-Белорусь және 1-Украин майдандары әскерлерінің құрамалары енген болатын. Олардың алдына қойылған маңызды міндет – басып алынған аймақты басқару және оны бейбіт өмірге қайтару, КСРО-ның батыс шекарасын сыртқы қауіп-қатерден қорғау еді.
Уақыт өте келе ГДР аумағында орналасқан КСРО Қарулы Күштері КСРО-ның Батыстағы мемлекеттік шекарасын бірінші кезекте қорғайтын құрам болып есептелді. Топтың жеке зауыттары, инфрақұрылымдық нысандары, қосалқы учаскелері, офицерлер мектептері, пионер лагерьлері, санаторийлер, сауда желісі, офицер үйлері, теледидар орталықтары, тұрмыстық қызмет көрсету кешендері, клубтар, әскери ән және би ансамбльдері, өз драма театры болды.
Германиядағы Кеңес Әскери күштері тобы Германия мемлекетінен ресми түрде 1994 жылдың 31 тамызы күні түпкілікті шығарылды.
Шараға мектеп оқушылары, жастар, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері шақырылды.
Ерлік сағатының барысында патриоттық мазмұндағы материалдар көрсетілді, сұрақ-жауап, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.
2025 жылдың 21-ші сәуір күні мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы аясында Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында Ажар Мәлікованың жетекшілігімен «Өнертану» үйірмесінің «Жас тұлпар» балалар театрының тәрбиеленушілері Бакытбек Әрімбековтың «Тағдыр сыны» қойылымынан үзінді сахналады.
Үйірменің жас актерлері ауыл қонақтары мен тұрғындарына, ата-аналарына өздерініңсахна шеберліктерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.