Меню
Страницы

«Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

«Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты бағдарламасымен ашты. Бұл кеште республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Анара Шәкенова, Арника Байбусынова, Юлия Юрочкина және Әсем Рыспаева өнер көрсетіп, көрермендерге джаздың ерекше атмосферасын сыйлап, сүйікті шығармаларды жанды дауыста орындау арқылы ұмытылмас әсер мен жарқын эмоциялар тарту етті. Сондай-ақ концерт барысында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментімен бірлесіп қала тұрғындары мен қонақтарына арналған профилактикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткіге тәуелділіктің алдын алуға бағытталған ақпараттық брошюралар таратты.

Социальные медиа
Instagram
Youtube
TikTok
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері