Меню
Страницы

“Ұлыстың Ұлы күні -Әз Наурыз”

“Ұлыстың  Ұлы күні -Әз Наурыз”

«ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ Қазақ зағиптар қоғамымен бірлесіп «Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік бағдарлама баян сүйемелдеуімен әртістердің театрландырылған шығуымен және «Наурыз» әнінің орындалуымен ашылып, кештің салтанатты көңіл-күйін айқындады. Жүргізушілер қонақтарды қарсы алып, Наурыздың мән-мағынасы – жаңару, бейбітшілік пен татулық мерекесі екендігін атап өтті.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер көрсетіліп, «шашу» рәсімі орындалды, құрметті қонақтардың құттықтау сөздері айтылды. Ақсақал ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Кеш барысында өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. Олардың қатарында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттері де бар. Сахнада әндер шырқалып, билер биленіп, күйлер орындалып, қызықты викторина ұйымдастырылды. Көрермендер «Той той», «Ауылдағы той», «Тойла, қазағым» және басқа да нөмірлерді жылы қабылдап, ерекше ықылас танытты.
Іс-шара соңында қонақтарға молшылық пен қонақжайлылықтың белгісі саналатын ұлттық тағамдар – Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты