ШҚО музей-қорығында қазақтың көрнекті жазушысы М. Мағауинның мерейтойы аясында «Мұхтар Мағауинның кітаптары беттерінен» атты іс-шара өтті. №39 орта мектептің оқушылары әдеби қонақжайға белсенді қатысып, Мұхтар Мағауинның шығармашылық өмірбаянымен танысты. Іс-шарада балалар жетекшімен бірге, жазушының «Тазының өлімі» және «Бір атаның балалары» атты әйгілі екі повесінің беттері бойынша шолу жасап, тұсаукесерді тамашалады. Балалар көрермен ретінде бей-жай қалмай, автор шығармаларының кейіпкерлеріне өз көзқарастарын білдірді.