Меню
Страницы

Рождество

Рождество

2025 жылдың 7 қаңтарында ШҚО музей-қорығы Достық үйі-қоғамдық келісім орталығымен бірлесіп Рождествоға арналған мерекелік концерт өткізді. Мерекеде Рождестволық өлеңдер мен әндер шырқалып, «Рождество» мен «Святки» дәстүрлері көрсетілді. Қонақтар би билеп, хоровод айналды. Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорынан алынған «Рождество дәстүрлері» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды, онда иконалар, святки дәстүрлерінің фотосуреттері, святки бетперделері (маскалары), маскарад костюмдері, рождестволық ашықхаттар мен святки сәуегейлігіне арналған заттар ұсынылды. Сондай-ақ, Андреев кафедралы шіркеуінің аумағы мен Достық үйінің жанында қолөнер шығармашылығының көрме-жәрмеңкелері өтті, онда ағаштан жасалған кәдесыйлар, теріден жасалған әшекейлер, матадан тігілген қуыршақтар мен жұмсақ ойыншықтар, табиғи шай өнімдері мен заманауи сәндік бұйымдар ұсынылды.

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты