Меню
Страницы

«Сырмақ. Текемет. Алаша» көрмесі

«Сырмақ. Текемет. Алаша» көрмесі

20 желтоқсан күні ШҚО филармония залында облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының мәдениет күндерінің қорытынды гала-концерті өтті. ШҚО музей-қорығы ХХ ғасырдың ортасы мен ХХІ ғасырдың басындағы шығысқазақстандық қолөнер шеберлерінің  қолынан шыққан 70-тен астам бұйымдары мен түрлі халықтардың тоқыма станоктарын көрсеткен «Сырмақ. Текемет. Алаша» көрмесін дайындады. Сондай-ақ, тоқымашылық пен тігіншіліктен шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Көрмеге Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Ұлан, Шемонайха аудандарының, Зайсан қаласының қолөнер шеберлерінің және музей-қорықтың қорынан алынған бұйымдар ұсынылды. Кілем тоқу өнері ұлттық ою-өрнектердің сан алуандығын, қазақ даласының барлық бояу байлығын және көшпелі өмір ырғағын көрсетеді.

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты