Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ШҚО музей-қорығында «Менің Қазақстаным, менің жерім!» атты тақырыптық іс-шара өткізілді. Мерекеге №96 балабақшаның бүлдіршіндері қатысты. Балаларға мерекенің тарихы туралы мағлұмат берілді, олар викторина сұрақтарына жауап беріп, халық ойындарын ойнады, сондай-ақ, Отан туралы өлеңдер оқыды.