Меню
Страницы

«Тәуелсіздік күні»: мерекелік бағдарлама

«Тәуелсіздік күні»: мерекелік бағдарлама

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Қазақстанның әрбір азаматы үшін ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Желтоқсан айы көлемінде кітапхана пайдаланушыларына тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін әдебиеттер мен мерзімді басылым бетіндегі материалдар жинақталған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты интерактивті әдебиеттер экспозициясы ұсынылды.

13-желтоқсан күні кітапхананың жас оқырмандары мерекелік бағдарлама аясында «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты медиасабаққа қатысып, еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктер жайлы, егемендік пен тәуелсіздіктің ел мен қоғам үшін маңызы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар туралы егжей-тегжейлі  танымды пайдалы ақпарат алды.

Сондай-ақ, осы күні кітапханада облысымызда алғаш рет «Шығыс салбурыны» фотокөрмесінің ашылуы өтті. Фотокөрме 10-14 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында өткен бүркітшілердің дәстүрлі «Шығыс салбурыны» халықаралық фестиваліне арналады. Аймағымызда төртінші рет өткен фестивальға Моңғолия, Қытай, Мажарстан, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының құсбегілері қатысқан болатын. Жерлес фотографтардың камерасынан шыққан түрлі фотосуреттер осы фестиваль жайлы толық ақпаратты ұсынды.

Сондай-ақ, мереке күндері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, «JELTOQSAN 86» Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Айтахметұлы Рамазановпен өнегелі сұхбат өтті, әңгіме барысында ол сол кездегі негізгі оқиғаларға тоқталып, олардың Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына ықпалы жайлы өз көзқарасымен бөлісті.

 

Байланыс тел.: 261333

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты