
«Қаныш және ғылыми майдан»
Санжар Керімбайдың кітабының таныстырылымы
9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен ШҚО мәдениет басқармасы мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қолдауымен Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараның жүргізушісі ақын және драматург Әскерхан Ақтай қатысушыларды Санжар Керімбайдың қоғамдық қызметімен және оның әдеби шығармашылығымен таныстырды. Шараға Абай және ШҚО бойынша «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өкілі Ажар Сағымбаева, Абай облысы бойынша «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының өкілі Бекзат Нұртай, ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Қ.Нұрмұханова қатысып, жазушыны Шығыс Қазақстандағы кітабының тұсаукесерімен құттықтады.
Автор Қ. Сәтбаев туралы кітаптың жасалу тарихымен бөлісті, оның ғылыми қызметінің Қазақстан үшін маңызы туралы айтты. Кездесуге жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ қаланың шығармашылық зиялыларының өкілдері қатысты. Тұсаукесер автордың қолтаңбасын қалдырып және жастармен сұхбатымен аяқталды