
2024 жылғы 19 қарашада Шығыс Қазақстан музей-қорығында №35 орта мектеп оқушылары үшін «Есірткісіз өмір» атты әңгіме-сабақ өтті. Мұндай кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларымен нашақорлықтың алдын алу турасында сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, жасөспірімдерді нашақорлықтың денсаулыққа қауіпті факторлары және есірткіні қолданудың зардаптары туралы хабардар ету, оларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.