Меню
Страницы

«Үш бәйтерек: Ілияс, Сәкен, Бейімбет»: республикалық онлайн форсайт-форум

«Үш бәйтерек: Ілияс, Сәкен, Бейімбет»: республикалық онлайн форсайт-форум

«Үш бәйтерек: Ілияс, Сәкен, Бейімбет»: республикалық онлайн форсайт-форум

Бүгін, яғни 15 қарашада кітапханамыздың ұйымдастыруымен Zoom платформасында Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек: Ілияс, Сәкен, Бейімбет» атты республикалық онлайн форсайт-форум өтті.

Форсайт-форум спикерлері: филология ғылымдарының докторы, профессор, Сәкен жайлы энциклопедия құрастырған ғалым Рақымов Берік Серікбайұлы; әдебиеттанушы, сыншы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Алаштанушы, «Үш бәйтеректі» зерделеген ғалым Смағұлов Жандос Қожахметұлы; Астана қаласындағы С. Сейфуллин музейінің директоры, тарихшы, сәкентанушы ғалым Абсеметов Марат Оралбайұлы; Жетісу қаласындағы І. Жансүгіров атындағы әдеби музейдің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы; С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қасенов Сәкен Тоқанұлы.    

Форум барысында баяндамашыларымыз бір жылда дүниеге келіп, шығармашылықтарын қатар бастаған қайраткерлердің қалдырған ғибратты да мәнді мұраларымен, тың жәдігерлерімен таныстырды.

Елім, ұлтым деген арыстардың ұлтжанды келбетіне, қазақ халқы үшін атқарған өлшеусіз еңбегіне, олардың шығармашылық мұрасына қызығушылық танытқан қатысушылар өздеріне біраз пайдалы ақпарат алды деген ойдамыз.

 

Байланыс тел.: 261333

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты