Меню
Страницы

«Кәдесыйдың ханшайымы» кездесу

«Кәдесыйдың ханшайымы» кездесу

15 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында оқырмандар елімізге белгілі коллекционер-этнограф, Қазақстандағы жалғыз түркі халықтарының алтын және күміс антиквар бұйымдары сақталған жеке мұражайдың иесі, қазақтың ұлттық кәдесыйлықтар шығаратын «Әдемі-Ай Ріus» компаниясының президенті, Астана қаласы мәслихатының депутаты Бахаргүл Төлегенқызымен «Кәдесыйдың ханшайымы» атты кездесуде болды.  Бахаргүл ханым: «Мақсатым – ұмыт қалған дәстүрді ұрпаққа жеткізу»  дей келе негізгі жұмысты – ұлтымыздың этнографиясын білуге, тұрмыс-салт бұйымдарының ритуалдық мазмұнын зерттеуге, сонымен қатар символдық мәні басым тарихи һәм архитектуралық бейне-образдарды таңдай алудан бастағандығын айтты. Қатысушыларға әрбір ұлттық әшекейдің, бас киім, сырт киімінің өзінше  ырым тиымы бар екенін айтты. Мысалы қызға арналған құс тұмсық жүзікті, құдағи жүзікті, өңір жиекті не үшін тақты, қандай мақсатпен таққанын, не айқындалғанын  және қыз сырғасындағы ою мен өрнегі нені білдіреді деген сияқты мысалдарды айтып берді. Сондай-ақ өзінің «Қазақ қызымын» атты кітабын кітапханамызға тарту етті. Шара соңында қонақтар өнер колледжінің студенті  Талаптанова Талшынның орындауында «Сандуғаш» әнін тамашалады.  Кездесу жастарымыздың ұлттық құндылыққа, салт дәстүрімізге, тарихымызға, білімге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты