Теңге – Тәуелсіздік символы»
Шығыс Қазақстан музей-қорығында 15 қарашада аталып өтетін Қазақстанның Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – Тәуелсіздік символы» атты көрме өтуде. Бұл күн мемлекетіміздің тарихында егемендік пен экономикалық тұрақтылықты бейнелейтін ең маңызды оқиғаға айналды. Көрмеде «Тұлғалар», «Ғарыш» және «Ұлы қолбасшылар» серияларынан мерейтойлық монеталар бейнеленген планшеттер қойылған.