Меню
Страницы

«Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

«Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

«Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

 

25 қазан күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы оқырмандар мен қала тұрғындары үшін «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасын ұсынды.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында кітапхана фойэсінде оқырмандар назарына арнайы «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.

Бағдарлама аясында кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті. Үш тілде жарық көрген жинаққа Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау атауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар; ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі,  Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырманды қызықтырары сөзсіз. Жаңа жинақ Шығыс Қазақстан атты  киелі де таңғажайып өлкемізбен жақын танысуға жетелейді. Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы.

Мереке күні кітапхананың «Білім орталығында»  кітапханамыздағы жас оқырмандар үшін «Менің Қазақстаным» атты әдеби квест өткізілді. Ойынға қатысқан үміткерлер өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

Сонымен қатар колледж студенттері  «Тәуелсіз елдің тұғыры» тақырыбында әдеби-тарихи диктант жазды. Диктант мәтіні мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, туған елін сүюге тәрбиелеу тақырыптарын қамтыды. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталады.

Мереке күні қаланың жаңа аллеясында қала тұрғындары үшін интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде облыс әкімінің қолдауымен «Абай әлемі» топтамасы аясында биылғы жылы жарық көрген жерлес қаламгерлердің шығармашылығы және Шығыс Қазақстан жазушыларының QR көрмесі ұсынылды.

Байланыс тел.: 26-13-33

Социальные медиа
TikTok
Instagram
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты