Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы аясында 2025 жылдың 16 мамырында С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы негізінде университет базасында бірлескен «Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» тақырыбында қайырымдылық «WORKSHOP» өткізді.
Шараға облыстың арнайы, жалпы білім беру ұйымдарының 300-ден астам педагогтері қатысты.
«WORKSHOP» барысында облыстық ПМПК мамандарының жұмыс тәжірибесі таратылып, авторлық әдістемелер, оқу-әдістемелік құралдар және ерекше оқу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауға арналған технологиялық құралдар көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында «Dana bala» АИББО зертханасына экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды және өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Түскен қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған дефектологтың кәсіби үстелін дайындауға жұмсалады, ол ШҚО білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ беріледі.