5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың физикалық денсаулығының, физикалық және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары – аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

1 кезең – теориялық бөлім;

2 кезең – практикалық бөлім.

Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідегідей бөлінді:

5-6 сынып:

І орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;

ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.

7-8 сынып:

І орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;

ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!