Кәсіби шеберлік сайысы: Шығыс Қазақстанда үздіктер марапатталды

Кәсіби шеберлік сайысы: Шығыс Қазақстанда үздіктер марапатталды

🔷 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

🔷 Үш күнге созылған чемпионат барысында қатысушылардың жұмыстарын кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалады.

🔰 Нәтижесінде 38 құзыреттілік бойынша 28 колледждің студенттері жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды.

📌 Аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

🏆🥇1-орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы (9 алтын, 1 күміс, 1 қола және 2«Үздік маман» медальоны);

🏆🥈 2-орынды Риддер колледжінің командасы (3 алтын, 4 күміс, 1 қола және  4 «Үздік маман» медальоны);

🏆🥉 3-орынды Өскемен көпсалалы технология колледжінің командасы (5 алтын,  3 қола және 2 «Үздік маман» медальоны) иеленді.

🔰 Жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен колледждер

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

✅ Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауда «Казцинк» ЖШС-нің демеушілігімен  сыйлықтар табысталды.

✊ «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық чемпионатының барлық жеңімпаздарына республикалық деңгейде сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!