
Білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы қарсаңында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және 2025 жылға арналған жастар арасында академиялық адалдықты насихаттау бойынша кешенді жоспарды орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 2025 жылдың 14 мамырында № 50 жалпы білім беретін мектептің акт залында Шығыс Қазақстан облысының, сонымен қатар Өскемен қаласының білім беру ұйымдарына арналған «Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Ашиков іс-шараға қатысушыларға елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ білім беру саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ, «Фаворит» бухгалтерлік есеп жүргізудің бұлтты жүйесін енгізу бойынша туындап жатқан проблемалық мәселелерге ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуы қарсаңында А.Ашиков түлектерден ақшалай қаражат пен сыйлықтардың заңсыз жиналуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
«Агенттіктің 1424 колл-орталығына ата-аналардан мектептердегі заңсыз ақша жинау фактілері бойынша өтініштер келіп түсуде. Ең көп шағымдар оқу жылының соңында келеді. Мұғалімдерге, директорларға және басқа қызметкерлерге еңбектері үшін материалдық алғыс айту дәстүр болып саналады. Алайда, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін есте ұстаған жөн. Сыйлықтарға ақша жинауға тыйым салынады. Түлектер өздерінің алғыс сөздерін дәстүрлі гүл шоғын сыйлау, қайырымдылық бастамаларына қатысу немесе, мысалы, ағаш отырғызу арқылы білдіре алады", — деп атап өтті А. Ашиков.
Өз кезегінде ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ахмадиева облыстың білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар», сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №4 Үлгілік базалық бағыты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» жобасының жетекшісі Е. Карпова 2025 жылға Жобалар картасымен таныстыра отырып, білім беру ұйымдарында 2025 жылы өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
Семинар соңында тараптар білім беру ортасында адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.