ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 мамырда мектеп директорлары мен директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру.
Семинар барысында ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кайсенов кентінің орта мектебі» КММ –лерінің мектеп директорлары мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.