Қауіпсіз демалыс

Қауіпсіз демалыс

Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының жас тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан аймақтық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне арналған маңызды сабақ ұйымдастырды.

Бұл жолы спикер ретінде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Сейткамза Мадина қатысты. Ол «Өркен» орталығының өкілдерімен бірлесіп, оқушылар үшін жазғы кезеңдегі қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін еске салуға бағытталған танымдық іс-шара өткізді.

Сабақтың басты мақсаты – балаларды демалыс кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайлардан сақтандыру және оларды әртүрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету болды. Ыстық ауа райы мен жазғы кезеңде өрт қаупінің жоғарылауын ескере отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мадина Сейткамза балаларға өрттің шығу себептері, түтін немесе от шыққан жағдайдағы мінез-құлық ережелері туралы түсінікті тілмен айтып берді, сондай-ақ шұғыл қызметтердің нөмірлерін еске салды. Ол электр құралдарын пайдалануда, ашық отпен және тез тұтанатын заттармен жұмыс істеуде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сабақ көрнекі материалдарды көрсету және практикалық кеңестер беру арқылы өтті, бұл оқушыларға алынған ақпаратты жақсырақ меңгеруге мүмкіндік берді. ТЖД өкілімен тікелей сұхбаттасу балаларда үлкен қызығушылық тудырды, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Ұйымдастырушылар мұндай сабақтар балалардың қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға және оларда жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететініне сенімді. Алынған білім балаларға жазғы демалысты оқиғасыз өткізуге, демалыстан ләззат алуға және мектепке күш пен жағымды эмоцияларға толы оралуға көмектеседі.