2025 жылдың 06 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысының оқу-әдістемелік орталығы бекіткен авторлық бағдарламалармен жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты: аттестаттау шеңберінде авторлық материалдар арқылы педагог-зерттеуші санатын арттыратын және растайтын педагогтардың іс тәжірибелерін тарату. Семинарға Зайсан, Күршім, Үлкен Нарын және Ұлан аудандары қатысты.
Педагог-зерттеушілер зерттеу (инновациялық, шығармашылық) қызметі негізінде баяндамалар ұсынды, іске асыру тәжірибесімен бөлісті.