Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Бақытты отбасы» қолдан жасалған бұйымдар республикалық байқауының облыстық кезеңі

Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Бақытты отбасы» қолдан жасалған бұйымдар республикалық байқауының облыстық кезеңі

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 2 мамырында меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан мектеп жасына дейінгі балабақшалар арасында «Бақытты отбасы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 8 аудан/қалаларынан келіп түскен 13 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:

1-орын – ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжайы» КМҚК және ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Болашақ» балалар бақшасы» КМҚК;

2-орын – ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Катюша» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, Зайсан ауданы бойынша ТОО «Күншуақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасы» және ШҚО ББ «Валеологиялық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-кешені» КММ;

3-орын – Зайсан ауданы бойынша ТОО «Бахытнұр» жеке меншік «Балапан» бөбекжайы», ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК және ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ;

«Дәстүрін дәріптеген отбасы» - ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Золотая рыбка» балабақшасы» КМҚК;

 «Шығармашыл отбасы» - ШҚО ББ «Валеологиялық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-кешені» КММ;

«Салауатты өмір салты отбасы» - ШҚО ББ «Қатонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалихан Ысқақов атындағы орта мектебі» КММ;

«Өнегелі отбасы» - ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі» КММ.

Жеңімпаздар ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжайы» КМҚК және ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Болашақ» балалар бақшасы КМҚК жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!