Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты.
Марапат иегерлерінің арасында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты «Бейіндік мектеп» КММ-нің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі – Жайлаубаев Сеилгумар Газизовичте бар.
Ұстаздың еңбек жолы – жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге арналған үлгілі еңбек. Ол – бірнеше қалалық және облыстық деңгейдегі әскери-патриоттық, зияткерлік жарыстардың жүлдегері. Атап айтқанда:
•2009 ж. – «Конституциялық қадам – әр азаматтың борышы» дөңгелек үстелінің қатысушысы;
•2010 ж. – «Ұлы Отан соғысы» тақырыбындағы интеллектуалдық ойында ІІ орын;
•2011 ж. – «Жауынгерлік Даңқ бұрышы» байқауы ІІ орын;
•2012 ж. – Қалалық әскери-патриоттық клубтар байқауы ІІ орын;
•2012 ж. – Тұңғыш Президент күніне арналған әскери-спорттық ойындарда ІІІ орын;
•2013 ж. – «Ұлан – 2013» әскери-спорттық ойынында І орын;
•2014 ж. – Элия Молдағұлова жүлдесіне арналған пневматикалық мылтықпен ату турнирі І орын;
•2015 ж. – «Заңды қорғау – өзіңді қорғау» дөңгелек үстелінің қатысушысы (ҚР ІІМ өкілдерімен бірге);
•2021 ж. – «Болашақ сарбаз» әскери-спорттық ойынында ІІ орын.
Сонымен қатар, 2012 жылы «Сынып жетекшісі мен АӘТД пәні мұғалімінің ынтымақтастығы» тақырыбындағы мақаласы жарық көрсе, 2020 жылы «Мастер-класс» журналында кәсіби тәжірибесімен бөліскен материал жарияланған.
Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.