«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Көрме-байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Көрме-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 218 оқушы қатысты.

Қатысушылардың жұмыстары 7 номинация бойынша ұсынылды:

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш);

3) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдер үлгісін жасау;

6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше.

7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздар тізімі shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!