2025 жылғы 05 мамыр күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес облыс мектептерінің директорлары мен директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Білім беру менеджметі: көшбасшылықтың мәні, функциялары, рөлі» директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Күн тәртібінде мектепті басқару мәселелері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың өзекті мәселелері қаралды.
Алғы сөзінде директорлар Кеңесінің төрағасы, Глубокое ауданының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ директоры М.К. Кенчимбаева күн тәртібімен таныстырды.
Іс-шара барысында ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры Н.В. Ахаева «Мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру» тақырыбында баяндама жасады.
ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Б.А. Раимбекова нормативтік-құқықтық базамен таныстырып, мемлекеттік аттестаттауды өткізу алгоритмін түсіндірді
Отырыс соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Директорлар кеңесінің төрағасы М.К. Кенчимбаева, Глубокое ауданының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ директоры отырысты қорытындылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.