Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық финалын өткізу туралы ақпарат

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Алау»  әскери-спорттық ойынының облыстық финалын өткізу туралы ақпарат

2025 жылғы 05 мамырда Жаңа Ахмер кентіндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің № 27943 әскери бөлімінің базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнының сапасын  жоғарлату, жастардың Отанға деген азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.

Әскери-спорттық ойынға 12-14 жас аралығындағы 63 оқушы, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты. Ойынға облыстың қалалары мен аудандарынан (Өскемен қ., Риддер қ., Глубокое, Ұлан, Тарбағатай, Алтай, Самар аудандары) 7 команда қатысты.

Анықтама: 30 жалпы білім беретін мектепте 1 943 оқушыны қамтитын 95 мамандандырылған «Жас Сарбаз» сыныбы ашылған.

Облыстық ойын келесі жарыс түрлері бойынша өткізіледі:

- саптық және әндер байқауы;

- Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әннің сахналанған «Ерлікке жүрегіңмен жақында» байқау-сайысы;

- турникке тартылу;

- арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру;

- тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау;

- «АК-74 ММГ бөлшектеу және құрастыру».

Турнир қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ал ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.