Ұлы Жеңістің 80-жылдық күніне арналған колледж студенттері арасында «Жас Сарбаз» клубтарының облыстық сап және ән байқауы

Ұлы Жеңістің 80-жылдық  күніне арналған колледж студенттері арасында  «Жас Сарбаз» клубтарының облыстық сап және ән байқауы

«Біртұтас тәрбие » бағдарламасын  іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 30 сәуірде сағат 11:00-де Өскемен қаласында «Әскери-техникалық мектеп» базасында ТжКБ студенттері арасында Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған «Жас Сарбаз» клубтарының саптық және ән байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ.

          Байқаудың мақсаты- студенттердің жоғары әлеуметтік, белсенділік пен патриотизмдік қасиеттерін, өз Отанына деген азаматтық пен адалдық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отанды қорғауға дайындықтарын қалыптастыру.

Байқауға ШҚО-ның 15 колледжінен 244  студент қатысты.

          Сап және ән байқауын өткізу барысында жас патриоттар саптық дайындық шеберлігін, командалық рухты, саптық тәртіпті көрсетті, саптық әндерді орындады. Қазылар алқасы взводтардың өнерін келесі критерийлер бойынша бағалады: взводтың жеке құрамының сыртқы түрі, взводтың салтанатты шеруі, взвод құрамындағы саптық әннің орындалуы, саптық қабылдаулардың орындалуы , взвод командирлерінің байқауы.

          Сап және ән байқауында 1 орынды – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК иеленді;

          Саптық және ән байқауында 2 орынды – «Риддер колледжі» КМҚК иеленді;

          Сап және ән байқауында 3 орынды– «Өскемен құрылыс – техникалық колледжі» КММ иеленді.

          «Үздік капитан» номинациясын – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжі иеленді;

          «Үздік салтанатты марш» номинациясын – «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғарғы колледжі иеленді;

          «Үздік саптық ән» номинациясын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК иеленді;

          «Үздік саптық әдістер» номинациясын  –  «Өскемен жоғары политехникалық колледжі»  КМҚК иеленді.