Шығыс Қазақстан облысында педагогтерге арналған облыстық ІТ-хакатоны өтті.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 24–25 сәуір күндері облыс педагогтеріне арналған «ŞYĞYS ÖRKENİ» атты облыстық ІТ-хакатонын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің командада жұмыс жасау, сыни ойлау және креативтілік дағдыларын дамыту, сондай-ақ әзірленген өнімдерді оқу үдерісіне енгізу мен интеграциялау болды. Әсіресе, білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы жағдайында пән мұғалімдерінің ІТ-құзыреттіліктерін арттыруға баса назар аударылды.
Екі күн ішінде өңірдің түкпір-түкпірінен келген 72 педагогтан құралған 18 команда «Ақылды мектеп» тұжырымдамасын қолдауға арналған құралдарды жасау бағытында жұмыс жүргізді. Қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің, суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, оқушылардың эмоционалдық жағдайын бақылау, жалпы қауіпсіздік пен оқу процесіне қызығушылығын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы шешімдер әзірледі.
Сараптамалық бағалау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бірінші орын Күршім ауданының «Пазл» командасы иеленді.
Екінші орын – Үлкен-Нарын ауданының «ULKEN NARYN team» командасына бұйырды.
Үшінші орын – Самар ауданының «Favorite» командасына берілді.
«Креативті шешім» номинациясында жеңіске ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ «ОСШЛМФИ» командасы жетті.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы мамыр айында өтетін 12-ші «New Generation» IT-фестивалі аясында өтеді.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт пен зор денсаулық тілейміз!