ШҚО білім басқармасының «Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы КММ 2025 жылдың 25 сәуірінде ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Заманауи басқару мен озат тәжірибенің формуласы-сапалы білім мен саналы тәрбие» тақырыбында облыстық семинарын өткізді.
Аталған іс-шараға аудандар мен облыстық мектептерден 120-дан астам педагог қатысты.
Мектеп залында дарынды оқушылар инновациялық жобалары мен жетістіктерін қорғады. «Мектеп менің тынысым» атты шағын бейнеролик көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Семинар барысында «№46 орта мектебі»КММ директордың оқу-тәрбие орынбасарлары Кожикова Б.М., Мергазина Д.Т. «Мектепшілік бақылау-сапа мен өнімділікті арттыру құралы», Аубакирова М.А., Мусаипов Д.Ф. «Табысты менеджмент-білім сапасының кепілі» , Абдрахманова А.Е., Темірбаева Р. Ш. «Мектептің даму стратегиясындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында шебер сыныптар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
5-11 сыныптар арасында «№46 орта мектебі» КММ педагог зерттеушілері қазақ әдебиеті пән мұғалімі Кабдуллина А. Ж., Асқар Алтай «Прописка», қазақстан тарихы пәні мұғалімі Мухаметуалиева Г. Т. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті», информатика пәні мұғалімі Бабатаева Ч.М. «Кейіпкерлерді анимациялау», биология пәні мұғалімі Шакаримова А. Қ. «Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері», ағылшын тілі пәні мұғалімі Калиева А.У. «Transport» тақырыбында ашық сабақтар өткізсе, Райымханова Ә.М., Темірбаева Р.Ш. «Тарихи оқиғаларды визуализациялау:оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру» тақырыбында, Габитова Ж.Ш. мен Асқар Альфира «Жасанды интеллектіні оқыту үрдісінде тиімді қолдану» тақырыбында, Тугельбаева А.Т. «География пәнін оқытудың инновациялық әдістері мен заманауи тәсілдері» , Кашканова Р. А., Нургалиева Ф.К. «Функциональная грамотность в цифровую эпоху:работа с текстом с использованием инновационных технологий» тақырыбында мұғалімдермен шебер сыныптар өткізді. Ал көркем еңбек пәні мұғалімі Рахимжанова Г.С 6-9 сынып қыздарымен «Тігін бұйымдарын модельдеу» тақырыбында шебер сынып өтізді. Бастауыш сыныптар арасындағы зерттеуші мұғалімдер Кабдолдинова А.С. «Жасанды жарық көздерінің қажеттілігі» , Насилова З. Е. «Қазақстанға саяхат» тақырыбында ашық сабақтар берді. Сайлыбаева Г. Б. мен Дарменова С. К. «Заманауи әдістер мен тәжірбие –бастауыш сынып үрдісіндегі сапалы білім кепілі», Тоқтасынова К.С. ,Семізбаева Г.К. «Бастауыш сыныпта тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттыру» тақырыбында шебер сыныптар өткізіп, іс-тәжірбиелерімен бөлісті.
Жан-жақты қамтылған семинарда сынып сағаттары да тыс қалмады: Байсаринова А. Н. «Кітап оқу және озат тәжірбие-табысты болашақтың кілті», Шорманова А.Т. «Саналы бала-елдің болашағы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Тәжірбиені зерттеу бойынша қорытынды оймен ТЕDx, диалог форматында директордың оқу-тәрбие орынбасары Кожикова Б.М және бастауыш сыныптардың оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Батталова Г.Қ бөлісті. Семинар жоғары деңгейде өтіп, аудандардан келген мұғалімдер қорытынды кері байланыстарын жасады. Семинар соңында іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарды «Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының Педагогикалық тәжірибені тарату және баспа қызметін жалпылау әдістемелік бөлімінің басшысы Кенжебаева А.Т. алғыс хаттармен марапаттады.