«Үздік жер жыртушы»: ауыл шаруашылығы мамандықтарының беделін арттыру

«Үздік жер жыртушы»: ауыл шаруашылығы мамандықтарының беделін арттыру

Бүгін, 2025 жылдың 25 сәуірінде, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінде облыстық «Үздік жер жыртушы» байқауы өтті. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының 8 колледжінен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша студенттер қатысты.

Конкурстың мақсаты - студенттердің ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланудағы кәсіби шеберлігін бағалау, практикалық дағдыларды дамыту және жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.

Байқау барысында қатысушылар жер жырту техникасын дұрыс және тиімді пайдалануда өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетті.

Қазылар алқасының жұмыс нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды:

1 орын – Танат Арлан Дамирұлы, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті;

2 орын – Уланов Михаил Игорьевич, Шемонаиха колледжінің студенті;

3 орын – Жилинский Александр Сергеевич, Глубокое аграрлық колледжінің студенті.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар, сертификаттар және сыйлықтармен марапатталды.