2025 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы

2025 жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы

Жазғы кезеңде балалардың толыққанды демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдар мен облыстық білім басқармасының әлеуметтік саясатының басым міндеттері болып қала береді.

2025 жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 634,5 млн.теңге бөлінді.

Оның ішінде:

- МТБ жөндеу және нығайту жұмыстарына – 119,2 млн.теңге;

- балаларға, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына жолдамалар сатып алуға – 364,1 млн.теңге.

2024-2025 оқу жылында 1-10 сынып оқушыларының саны 93 631 баланы құрайды. Мектеп оқушыларының 99,9% (93 564), оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын 100% (9 056) сауықтырумен, демалыспен және жұмыспен қамту жоспарлануда.

Жазғы демалыс кезінде төмендегідей лагерлер жұмыс істейді:

- 10 087 оқушы қамтитын 12 қала сыртындағы лагерлер, оның 8-і мемлекеттік, 4-і жекеменшік, 1-і жыл бойына дем алатын лагерь;

- 23 120 баланы тамақпен қамтитын 270 мектеп жанындағы лагерлер;

- жаз мезгілінде 60 357 оқушы қамтитын барлық қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандырусыз 204 бейінді алаңдарда клубтар, секциялар, үйірмелер жұмыс істейді, экскурсиялар аула және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Анықтама үшін:

- 36 қосымша білім беру мекемелерінде – 27 868 бала;

- жас натуралистер станциясында - 750 оқушы;

- 27 жасөспірім аула клубтарында - 3 500 бала;

- туристік маршруттар мен экскурсияларда – 16 509 оқушы;

- ЖСОЕО, абаттандыру жасақтары, мектеп орман шаруашылығы, отбасылық кәсіп және т.б. - 11 730 бала.

Балалардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыруға 2 454 педагогикалық қызметкерлер, оның ішінде 1230 тәрбиешілер мен тәлімгерлер, 1224 қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдері және 250 медицина қызметкерлері, сондай-ақ колледждер мен ЖОО студенттері арасынан педагогикалық жасақтар тартылады.

Дәстүр бойынша облыс оқушылары Алматыдағы «Бөбек» және Щучье және Қонаев қалаларындағы «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында жыл бойы тегін демалады. Жыл басынан бері орталықтарда 126 бала демалды, жыл соңына дейін тағы 338 оқушы демалуға жолдама алады.

Жаз мезгілінде Самар ауданындағы қала сыртындағы «Балауса» лагерінің базасында облыстың 7-8 сынып оқушыларына арналған әскери-спорттық лагерь өз жұмысын жалғастырады. Биылғы жылы қамту 50-ден 100 балаға дейін ұлғайтылды. Әскери-спорттық лагерь бағдарламасына дәстүрлі іс-шаралармен қатар спорттық жарыстар, жорықтар, алғашқы әскери дайындық элементтері енгізілген.

Жазғы демалыс кезінде «Қонақжай отбасы» жобасын жүзеге асыру жалғасады. Биылғы жылы жобаның географиясы кеңейіп, 140 баланы қамтуға          3 аудандағы 5 елді мекеннен 62 отбасы тартылады.

Жоба балаларға практикалық қазақ тілін ерекше, бірақ өте тиімді форматта оқытуды - олардың тілдік ортаға толығымен енулерін көздейді. Бұл ретте қызықты бағдарлама балалардың туған жерінің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін кеңейтуге, қазақтың халық аспаптарында ойнауға машықтандыруға, киелі жерлер мен тарихи ескерткіштерді аралауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 140 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Бұқтырма су қоймасы бойымен қызықты бір күндік теплоходпен саяхаттау ұйымдастырылады.

Облыста алғаш рет мектеп оқушыларын Шығыс Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында «Киелі Шығыс» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

200 оқушы демалысты оқу-танымдық экскурсиялармен ұштастырып, «Берел қорғандарының» ашық аспан астындағы мұражайына, жартастағы суреттерге, Қиын-Керіш шатқалына, мұражайларға, сондай-ақ Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтарға барулары жоспарлап отыр. Оқу-танымдық турлар бағдарламасына туризм негіздері бойынша экскурсиялар, шеберлік және практикалық сабақтар кіреді, сонымен қатар туған өлкенің дәстүрлерін, мәдениеті мен мұрасын зерделеу қарастырылған.

Өңірдегі колледждерде ерте кәсіптік бағдар беру аясында мектеп оқушыларына жазғы лагерьлер ұйымдастыруда 4 жылдық тәжірибе жинақталған. 10 колледжде 500 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда (2024 жылы – 7 колледж және 449 оқушы). Лагерлер мектеп оқушыларына түрлі мамандықтармен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Олар үшін қызықты шеберлік сыныптары ұйымдастырылады, онда балалар роботтарды құрастырып, программа құрып, мехатрониканы оқи алады, лазерлік кесудің негіздерін меңгереді, бисквитті тәттілер жасауды, шет тілдерін және т.б. үйренеді.

Сонымен қатар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 колледж студенттері үшін, сондай-ақ Үлкен Нарын ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында (Свинчатка ауылы) жазғы лагерьде оқуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен студенттер үшін демалыс ұйымдастырылады. 2024 жылы бұл лагерьге 14 колледжден 120 студент қатысты.

Облыста балалардың жазғы демалыс кезіндегі сапалы және қауіпсіз демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. өкілдерін тарта отырып, Ведомствоаралық штаб құрылды. Жұмыстар бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мақсатында барлық қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.

Жазғы ауысым басталғанға дейін облыстағы су қоймаларына жақын және жүзу аймақтары бар 4 балалар лагерьінде («Балауса», «Жігер», «Арайлы Шығыс», «Приморск») Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу орындарын анықтап, суға түсу аймақтарының акваторияларын тексеру және тазарту бойынша сүңгуір жұмыстарын жүргізеді.

Жазғы кезеңде балалар лагерьлерінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мониторингтік топтар жұмыс істейді.

Балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік мәселесі тұрақты бақылауда.