2025 жылғы 24 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысының шекара маңындағы ауылдық елді мекендері қаулысын жүзеге асыру мақсатында Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» КММ базасында «Білім деңгейлерінің сабақтастығы: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудегі, білім мазмұнын келісудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлі» облыстық семинар – практикумы өткізілді.
Семинар-практикумның мақсаты - Білім берудегі оқыту мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығын қалыптастырудағы мұғалім мен тәрбиеші рөлін арттыру, өзара әріптестікті нығайту, сабақтастық пен нәтижелілікті іс-тәжірибеде оңтайландыру, педагогикалық-әдістемелік бағыт-бағдар беру, тәжірибе алмасу.
Семинар-практикумның ашылу салтанатын алғысөзбен Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің міндетін атқарушы Г.М. Шаяхметова ашты. ШҚО ББ «Örken» ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бошаева Г.М. «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасының облыс көлемінде масштабталуы туралы және жоба мақсаттары, міндеттері мен өзектілігі, сондай-ақ іске асыру кезеңдерімен таныстырып баяндама жасады. Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Ж.Т. Дутбаев «Білім деңгейлерінің сабақтастығын дамытудағы мектеп бағыты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Семинар практикумның қатысушылары «Жетістікке жетудің жолы: шағын жинақты мектептер жұмысының тәжірибесінен» деп аталатын практикалық бөлімінде шағын жинақты мектептер – «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ, «Жаңаауыл негізгі мектебі» КММ, «Қазақстан негізгі орта мектебі» КММ білім алушыларының шығармашылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал ететін ғылыми жобаларымен танысты.
«Қалжыр орта мектебі» КММ-нің мұғалімдері интерактивті тақтаның көмегімен қазақ әдебиеті, информатика, физика, биология, ағылшын тілі, география пәндерінен ашық сабақ өткізіп, әріптестеріне өз тәжірибелерін ұсынды.
«Мектепке дейінгі білім мазмұнын келісудегі тәрбиешінің рөлі» бөлімінде семинар қатысушылары мектеп жанындағы интернат пен шағын орталық ғимаратының материалдық-техникалық базасымен танысып, тәрбиеленушілермен өткен тәрбие сағаттарына қатысты.
Семинар практикумның «Жалпы орта білім берудегі, білім мазмұнын келісудегі іс-тәжірибені жетілдіру» бөлімінде Сабақты зерттеу тобы, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен дефектолог пен психолог жұмысы, спортзалда жаттығуларды көрсету техникасы, кітапханашының мектепалды даярлық сыныбымен жұмысы және мектеп түлектерінің демеушілігімен жабдықталған атаулы ресурс орталығының, теннис столының жұмыс түрінің басталуының тұсаукесері өтті.
Практикум соңында семинар барометрі жасалынып, кері байланыс ұйымдастырылды, қойылған сұрақтарға жауап берілді, ұсыныстар айтылды, педагогтер өз ойларын ортаға салды; семинарға қатысушылар мектеп ұжымына және жобаны ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Семинар – практикумға облыстың ауылдық және шағын жинақты мектептерінен 70-тен аса пән мұғалімдері қатысты.