
2025 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық экологиялық бастама аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экофестивалінің қорытынды іс-шарасы өтті.
Шығыс Қазақстан облысы экология, тұрақты даму және жасыл технологиялар бойынша балалар жобалары көрмесінде лайықты түрде таныстырылды. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында өткен шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам оқушы қатысты. Біздің оқушылардың екі инновациялық жобасы финалға өтіп, республикалық деңгейде таныстырылды:
Біздің өкілдеріміз:
- Русланқызы Айзере — Өскемен қаласындағы №46 орта мектебінің оқушысы, «Мен – зерттеушімін!» үйірмесінің тәрбиеленушісі «Болашақтың жасыл қаласы» жобасын — тұрақты микроклимат пен экологиялық сәулет тұжырымдамасын ұсынды.
- Табысбекұлы Ақсері — Марқакөл №1 орта мектебінің оқушысы «Тамшылатып суару» жобасын — ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың заманауи шешімін таныстырды.
Жоба жетекшілері:
- Нұржан Гауһар — «ОЗ Экобиоорталығы» директорының орынбасары, «Мен – зерттеушімін!» үйірмесінің жетекшісі
- Кұмаш Табысбек — Марқакөл №1 орта мектебінің география пәні мұғалімі
Іс-шарада Мемлекет басшысы сөз сөйлеп: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден басталуы керек. «Таза Қазақстан» өмір салтына айналуы тиіс» деп атап өтті.
Экологиялық акция аясында бүкіл ел бойынша 4,5 миллионнан астам көшет отырғызылып, Қазақстанның орман қорын айтарлықтай толықтырды.
Фестиваль қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» технологияларды енгізу, тұрақты даму және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты экологиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
#ТазаҚазақстан