
«Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз… Оқу сауаттылығын жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу қажет», – деген тапсырмасын орындау мақсатында «23 сәуір – Ұлттық кітап» күнін республика көлемінде атап өту тапсырылып отыр.
Осы орайда, облыстың барлық мектептерінде мерекенің ашылу салтанаты ұйымдастырылып 21,22-сәуір күндері барлық білім ұйымдарында мектеп «Бәріміз кітап оқимыз» сыныптар мен мектептер арасында челлендж, «Жақсы кітап-жан азығы» тақырыптарында кітап көрмелері, сол сияқты аудандық балалар кітапханасымен бірлескен шаралары ұйымдастырылды.
23 сәуір күні ҚР ОАМ ұсынған үлгілік іс-шара жоспары барысында жергілікті жер бойынша белгілі жазушы, ақындарды, болмаса сол өңірдің белгілі қоғам қайраткерін шақырып, оқушылармен бірге (20-25 минут) кітап оқу іс-шарасын ұйымдастыру тапсырмасы берілді.
Бүгін міне, осы мақсатта, облысымыздың барлық мектептерінде «Шекарасыз кітапхана: Бүгін бірге оқимыз» айдарымен оқушылармен бірге кітап оқуға – белгілі жазушы, ақын, журналистері мен айтыскер-ақындармен атап айтсақ: Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев, Әділ Әуесхан, Сметанин Владимир Борисович, Максимова Надежда Эммануиловамен,Айтмұхамбет Қасымов, Дәулетберді Жекейұлы, Естай Жаңабай, Құмар Зиятхан, Оразай Жеңісұлы, Абаш Кәкенов, Қалымбек Аян сынды ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқылып, кітап оқудың тәрбиелік маңызы зор екендігі аталып өтті. 21сәуірмен 23сәуір аралығында облыс көлемінде «Жүрегімнің түбіне терең бойла» айдарымен Абай Құнанбаевтың қарасөздерінен ұйымдастырылған челленджге 30 мың оқушы, «Бірге оқимыз»атты тақырыпта өткен кездесуге 42 мың оқушы, білім мекемелерінде « Жақсы кітап –жан азығы» айдарымен 280 кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Білім мен тәрбиені ұштастырған әрбір өткізілген рухани сағат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, кітап оқудың маңыздылығын оқырман бойына сіңірді.