2025 жылдың 21 сәуірінде ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен өткен педагогтердің «Облыстық оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату» атты облыстық вебинарда Марқакөл, Катон-Карағай, Күршім аудандарынан және Өскемен қаласынан барлығы 83 педагог қатысты. Педагог-зерттеушілер зерттеу (инновациялық, шығармашылық) қызметі негізінде сөз сөйлеп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.