Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2025 жылғы 14-18 сәуір күндері «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының республикалық кезеңі Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.
Байқауға еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жас педагогтер қатысты.
Конкурстың нәтижесі бойынша Серікова Ботагөз Серікқызы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі бас жүлдеге ие болды.
Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз.